Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі

«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі – ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны сақтап, қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген бірегей ұжым. Фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің басты мақсаты – xалық музыкасының көркемдігі мен тереңдігін, рухани болмысы мен асқақтығын дәріптеу, жаңадан жаңғырту.

Ансамбль құрамындағы музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл, мүйіз сырнай сынды қазақтың көне халық аспаптарын жетік меңгерген.
Құрылғанына аз уақыт болса да, ансамбль еліміздің үздік сахналарында өнер көрсетіп, өнер сүйер қауымның құрметіне тез қол жеткізе білді. Қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау мақсатында музыкалық ұжым шетелдік гастрольдік сапарлары аясында Еуропа халқына Ұлы дала әуендерін таныстырып жүр. «Астана сазы» өнерпаздары халқымыздың асыл мұрасы, дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнерін шетелдіктерге танытып, көрермендерді ерекше әсерге бөлейді. Талғамы биік көрермендерді тамсандырған ансамбльдің орындау шеберлігі өте жоғары деңгейде. 

 «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі – талантты әртістерімен толыққан, өз көрермендерін жинақтап үлгерген, болашағы зор шығармашылық ұжымдардың бірі. «Астана сазы» ансамблінің репертуары халық шығармаларынан, Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей сынды қазақтың ұлы сазгерлерінің, сондай-ақ заманауи композиторлар мен шетел классиктерінің туындыларынан тұрады.   

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауының гран-при иегері, «Ғасырлар сазы» халықаралық фестивалінің лауреаты, «Алаш Ұстазы» медалінің иегері, композитор Бауыржан Ақтаев.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом