Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

VoiceKZ тобы

2013 жылы құрылған «VoiceKZ» квартетінің құрамында вокалдың қыр-сырын жетік меңгерген, дауыстары ерекше дарын иелері, ҚазҰӨ Академиясының студенттері.
Өздерінің хас талантымен аз ғана уақыт ішінде өнер сүйер қауымды классик-кроссовер бағытындағы музыкамен тамсандырып сахна саңлақтарына айналды. Таланттары мен тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанды.
Қазіргі таңда квартет жаңа құраммен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының мүшесі.

Музыкалық жанры: классик-кроссовер, кантри.

Топ солистері: Ербол Нариманұлы,
                         Қуандық Шалқарұлы,
                         Қайрат Сарыбаев Кенжебекұлы,
                         Дидар Әбдіхалық Әділұлы.

Музыкалық жүлделері:
2014 ж. «Canzonidalmondo» байқауының лауреаты (Италия)
2014 ж. «Золотой голос» байқауының жеңімпазы (Россия)
2014 ж. «Berlinerperle» байқауының жеңімпазы (Германия)
2014 ж. «Turkvision-2014» Халықаралық телевизиялық байқауының финалисі
2015 ж. «Новая волна» байқауының финалисі

Қатысқан ауқымды іс-шаралар:
«Алма-Ата моя первая любовь» - 2014 ж.
«Дни Казахской культуры в России», Астрахань қаласы
«ЕАЭС-2014»
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы-25 жыл» - поезд «Менің Қазақстаным-2015»
«Қазақ Хандығының 550 жылдығы».
Әрі қарай оқу

Фотоальбом