Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Сара Ордембаевна Тыныштығұлова

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі
Белгілі әнші 1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Бурылтөбе ауылында дүниеге келді. Бала кезінен әншілік өнерді серік еткен жас өнерпаз мектепті бітірісімен Мәскеудегі бүкілодақтық эстрада студиясында білім алған. Әншілік шеберлігін шыңдаған талантты тұлға еңбек жолын «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде бастаған. 1975 жылдан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында еңбек етуде. 
Ән әлеміне қызыға ұмтылған Сара Өрдембаевна өнер саласында орасан зор жетістіктерге қол жеткізді.

Ол концерттік бағдарламасымен Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Германияда, Бельгияда, Финляндияда, Венгрияда, Моңғолияда, Пәкістанда, Бирмада, Малайзияда, Сингапурде, Вьетнамда, Шри-Ланкада, т.б. елдерде болып, қазақ ән өнерін дүниенің төрт бұрышындағы әнсүйер қауымға насихаттап құрметке бөленді.
Сара Тыныштығұлованың талғампаз әнсүйер қауымның жанын жадыратар әндері ел жадында әлі де сақтаулы. С.Тыныштығұлованың репертуарында елуден астам ән бар. Саңлақ әншінің қоңыр үні, жанға жылы даусы, асқақ рухты әндері бойға қуат, көңілге шуақ сыйлайды.

Білімі:
• 1971 жылы –  Қазақ Мемлекеттік С.М.Киров атындағы университет, мамандығы «Филология»;
• 1975-1976 жж. – Мәскеудегі бүкілодақтық эстрада студиясында тәжірибеден өтті;
• 1996 жылы – Мәскеудегі бүкілодақтық эстрада студия солисі.
Жетістіктері:
• 1970 жылы – Қазақ КСР еңбегі сіңірген артисі;
• 1972 жылы – «Халықтар достығы»  ордені және «Монғол Халық Республикасына 50 жыл» медалі;
• 1979 жылы – Қазақ КСР халық артисі;
• 1983 жылы – Хо Ши Мин (Вьетнам) қаласының құрметті азаматы;
• 1983 жылы – «Халықтар достастығы» медалі (Вьетнам);
• 1986 жылы – Чернобль естелік медалі;
• 1986 жылы – Жастар ГДР медалі;
• 1987 жылы – «Еңбек ардагері» медалі;
• 1999 жылы –  «Ауған соғысының ардагері» медалі;  
• 2001 жылы – «Алматы облысының құрметті азаматы» атағы;
• 2004 жылы – «Тыңға 50 жыл» медалі;
• 2015 жылы – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
• 2017 жылы – «Парасат» ордені. 
Репертуары:
• «Ел бақыты» (әні: А.Райымқұлова, сөзі: И.Исаев);
• «Шақырады көктем» (әні: Ә.Бейсеуов, сөзі:Т.Молдағалиев);
• «Оралды көктем» (әні: Ә.Бейсеуов, сөзі: Т.Молдағалиев);
• «Ақ маржан» (әні: М.Маңғытаев, сөзі: Х.Әдібаев);
• «Бөбегім» (әні: Б.Байқадамов, сөзі: З.Жұматовна);
• «Досыма» (әні: Б.Байқадамов, сөзі: И.Есенберлин);
• Әзірбайжандық «Кәл кәл» (әні мен сөзі: Т.Кулиев);
• «Ту тіккендер туралы  баллада» (әні: Е.Слетдинов, сөзі: Б. Тәжібаев);
• «Помните» (әні: В. Узких, сөзі: Р. Рождественский);
• «Катюша» (әні: М.И. Блантер, сөзі: М.Исаковский);
• «Таң» (әні: В.Питерцев, сөзі: Ш.Сариев);
• «Шынарай» ( қазақ халық әні);
• «Бипыл» (қазақ халық әні);
• «Ән-бақыт» (әні: А.Райымқұлова, сөзі: А.Бақтыгереевна);
• «Құстар әні» (әні: Н.Тілендиев, сөзі: Т.Молдағалиев);
• «Алатау» (әні: Н. Тілендиев, сөзі: Н.Әлімқұлов); 
• «Келші, сәулем» (әні: М.Тулебаев, сөзі: Ә.Тәжібаев);
• «Бір бидай арпа» (халық әні);
• «Туған жер» (әні: К.Дүйсекеев, сөзі: Ш.Сариев);
• «Шынарым» (әні: Ш. Қалдаяқов, сөзі: Е. Ебекенов).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом