Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Роза Қуанышқызы Рымбаева

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

Белгілі әнші 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әйгілі әнші 1976-1979 жылдары «Гүлдер» ансамблінің, 1979 жылдан «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі болып қызмет атқарады. 1977-1979 жылдары «Жыл әні» фестивалінің финалына шығып, КСРО «Звуковая дорожка» хит-парадында ең үздік 10 әншінің қатарында болды (1978 жылы Алла Пугачева мен София Ротарудан кейін 3 орында). «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында 1979 жылдан бастап жемісті еңбек етуде.
Киелі сахнада ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Роза Рымбаеваның есімі елімізде де, шетелде де танымал. 2012 жылы әншінің Жапония, Ресей, Түркия және Белоруссия елдерінде концерттік турнесі, 2017 жылы Астана қаласында жеке шығармашылық кеші өтті. 
Қазақ эстрадасында ән өнерін биікке көтеріп, жас ұрпақтың музыкаға деген махаббатын оятып, құнды туындыларымен ұлт руханиятын еселеп байытты. Роза Қуанышқызының орындауындағы әсерлі сөздермен, әдемі әуезімен өрнектелген әндері халық ықыласына бөленген. Концерттері тек үлкен оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтетін әншінің кәсіби шеберлікті шыңдау жолындағы ерен еңбегі жас буынға жарқын үлгі.
Өмірін әнге, талғамы биік тыңдармандарға арнаған әнші қазақ өнері мен руханияты үшін көп еңбек сіңірген. 

Білімі: 
• 1979-1984 жж. – Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институты, «музыкалы комедия актері» мамандығы.

Жетістіктері:
• 1986 жыл – Қазақ КСР Халық артисі;
• 1984 жыл – Өзбекстанның еңбегі сіңген артисі; 
• 2000 жыл – Қырғызстанның еңбегі сіңген артисі; 
• «Құрмет» және «Парасат» төсбелгілері;
• 2004 жыл – 1999-2003 жж. шығармашылық еңбегі үшін ҚР сыйлығының лауреаты.

Репертуары:
• Әлия (әні: С.Бәйтереков, сөзі: Б.Тәжібаев);
• Наурыз-думан (әні: Т.Сарыбаев, сөзі: М.Мақатаев);
• «Зимняя любовь» (әні: А. Бабаджанян, сөзі: Э.Дегхани);
• Это Казахстан (сөзі: А.Асылбек, әні: Э.Дегхани);
• Қазақстан (әні: С.Шаменов, сөзі: А.Бактыгереева);
• Сезім (әні: А.Окапов, сөзі: А.Асылбек);
• Жарасты жанұя (әні: А.Окапов, сөзі: М.Саби);
• Жаркын болашақ (әні: Е.Ынтықбаев, сөзі: Г. Ғазиз);
• Өмірде (әні: Р.Гайсин, сөзі: А.Бақтыгеева);
• Сүйгенім болмаса (әні: Е.Ынтықбаев, сөзі: И.Исаев);
• Үміт үзбе (әні: Д.Сыздықов, сөзі: Ш.Сариев);
• Келді көктем (әні: А.Рысбеков, сөзі: Иранғайып);
• Салған әнім (әні: А.Рысбеков, сөзі: Г. Абуова).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом