Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Nazar» тобы

Қазақ эстрадасына  өзгеше сарын, жаңа леп әкелген «Nazar» тобы 2017 жылы құрылды. Эстрадалық топтың құрамында Анель Смаилова, Аяжан Есимова, Еркежан Касымова, Салтанат Серкебаева сынды талантты әншілер өнер көрсетеді. Этно-поп стилінде ән шырқайтын жас шығармашылық ұжым әнсүйер қауымның қошеметіне бөленіп үлгерген.
«Nazar» тобы орындайтын әндердің барлығы да ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Топтың репертуарында «Қазақ қыздары», «Қазақ елі», «Қиналма», «Сағыныш саздары» сынды белгілі отандық композиторлар мен ақындардың туындылары бар. Тыңдарманның ерекше ынтасын арттырған қадамы қарышты бұл ұжым шығармашылығын үнемі шыңдап отырады.
«Nazar» тобының продюсері – қазақ халық өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген талантты әнші Мөлдір Әуелбекова. 

Әрі қарай оқу

Фотоальбом