Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Melomen» тобы

Белгілі «Melomen» тобы 2007 жылы құрылды. Топтың құрамында Қайрат Мырзаханов, Ролан Казретов, Ғабит Әбілдаев сынды 3 талантты әнші өнер көрсетеді. 
Эстрада сахнасында өзінің тыңдармандар аудиториясын қалыптастырған «Меломен» тобының бірнеше альбомы жарыққа шыққан.

Шығармашылық ұжымның репертуарында «О, маxаббат», «Тек мені сүй», «Сүйгенім бол», «Далада қар», «Туған жер», «Бота-бота», «Мөлдір-ай», «Аппақ арман», «Арман шағала», «Перзент арманы», «Сырғалым», «Әке», «Ана сен бақыттысың» сынды жүрек тебірентер әуезді әндер бар. Бұған қоса, топтың орындауындағы «Екі жүрек», «Лаулаймын», «Жердің бетін жеті орап өтсемде», «Гүлдің жүрегі», «Періште», «Еркем», «Сені ойласам», «Сен ең сұлу жансың» композициялары да тыңдарман қауымның ықыласына бөленді.

«Melomen» тобының мүшелері өзінің шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақтың музыкалық талғамын тәрбиелеуді, қазақ халқының мәдени мұрасының байлығын әлемге паш етуді көздейді.
 

Топтың жетістіктері: 
• 2008 жылы –   «Шабыт» халықаралық байқауының лауреаты;
• 2009 жылы – «Абай әлемі» республикалық байқауының лауреаты;
• 2009 жылы – «Жас қанат» республикалық музыкалық байқауының лауреаты.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом