Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова



 «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

«Қазақтың ерке қызы» атанған белгілі әнші 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қарағанды музыкалық мектебінде білім алған. 
1981 жылдан бастап ән өнерімен айналысып, 1986 жылы Юрмала қаласындағы Бүкілодақтық кеңес эстрада әндерін айтатын жас орындаушылар байқауына қатысқан. «Жігер» және «Азия дауысы» байқауларының лауреаты атанған. 1981-1988 жылдар аралығында «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде, 1988 жылдан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында жемісті еңбек етуде. Атақты әнші концерттік бағдарламаларымен Индия, Қытай, Болгария, Марокко, Германия, Түркия, Жапония сияқты елдерде өнер көрсеткен.
Мақпал Жүнісованың мақпалдай дауысы әр жүрекке жылы тиеді. Домбыраның қоңыр үнімен күмбірлетіп салған әсем әндері ел жадында тез сақталып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген. Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жан сарайын тебірентер романстарды, өлеңдерді орындап жүрген Мақпал Мұхамедиярқызы – өнер жолына саналы ғұмырын арнаған жандардың бірі. Өнердің биігіне жеткен Мақпал Жүнісова Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. 
«Қазақконцерт» ұжымының өнерпазы Мақпал Жүнісова өзінің концерттері арқылы еліміздің бай әрі қайталанбас ұлттық нақышын насихаттап, рухани жәдігерлеріміздің танымалдығын арттырып келеді.

Білімі:
• 1975-1980 жж. – А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінде қобыз сыныбы;
• 1984-1989 жж. – Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты.
Жетістіктері:
• 1983 жылы –  «Жігер» фестивалінің лауреаты; 
• 1984 жылы – жастардың Бүкілодақтық байқауының лауреаты;
• 1987 жылы – Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты;
• 1989 жылы – Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі; 
• 1990 жылы – «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің лауреаты; 
• 1994 жылы – Қазақстан Республикасының халық артисі;
• 1996 жылы – Қырғыз Республикасының мәдениет министрлігі менен композиторлар ұйымының А.Малдыбаев сыйлығы;
• 1998 жылы – 1996-98 жж. концерттік бағдарламасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері;
• 1999 жылы – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры;
• 2000 жылы – Т.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры.
Репертуары:
• «Жылдар-жылдар»  (әні: Ғ. Шекербеков, сөзі: Қ. Жаманқұлов);
• «Сүйдім сені» (әні: Е. Байырбеков, сөзі: А. Леубаева); 
• «Еркем-ай»  (халық әні);
• «Шеше»  (әні: М. Жәутіков, сөзі: М.Мақатаев);
• «Сенім шырағы» (әні: Е. Белқозиев, сөзі: Тұманбай Молдағалиев);
• «Барасың сен алыстап» (әні: Қ. Ибрагимов, сөзі:Н. Әбдібек);
• «Дәл мендей» (әні: Ғ. Шекербаев, сөзі: Е. Қайболдин); 
• «Өмір неткен тамаша» (әні мен сөзі: И.Елеубаева);
• «Сәулем-ай» (Халық әні); 
• «Шалқымалы» (әні мен сөзі: Т. Атшыбаев);
• «Сағыныш» (әні: Н. Тілендиев, сөзі: Т.Молдағалиев);
• «Анадан асыл бар ма екен?» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: И.Сапарбаев);
• «Ерке қыз» (әні мен сөзі: М.Қасқырбаев).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом