Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы эстрада тобының басшысы

1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Талантты әнші біраз жылдар бойы елімізге белгілі «КешYou» эстрадалық тобының құрамында өнер көрсетті. 
Мөлдір Әуелбекова – қазақ халық өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген дарынды әнші, тележүргізуші, актриса әрі жас продюсер. Шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім Мөлдір Әуелбекова 2017 жылы этно-поп стилінде ән шырқайтын 4 қыздан тұратын «Nazar» тобын құрды.  

Білімі: 
• 2001-2005 жж. – Абай атындағы гуманитарлық колледжі музыка бөлімі, «Аспапта орындау» мамандығы (Тараз);
• 2005-2009 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы,  «Эстрадалық өнер» мамандығы (Алматы);
• 2009-2011жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі.

Репертуары: 
• «Туған ел» (сөзі: О.Кинбаев, әні: Ш.Уалиханов);
• «Өсиет» (сөзі: Нұртуған жырау, әні: А.Дүйсенов);
• «Шіркін-ай» (сөзі: О.Кинбаев, әні: Ұ.Жамалбек);
• «Аяулы ана» (сөзі: А. Бажанова, әні: А. Бажанова);
• «Гүлмін» (сөзі:С.Туғанбаев, әні: Е.Алданазаров);
• «Сағынба» (сөзі: С.Досболат, әні: Ә. Сырлыбаева);
• «Жаным-жаным» (сөзі: А.Дүйсенбі, әні: А.Дүйсенов);
• «Арман алдамайды» (сөзі: Б. Шерікбай, әні: І.Кенесов);
• «Бірге жанымыз» (сөзі:К.Бахтияр, әні: Ш. Уалихан);
• «Күнім-ай» (сөзі: Ғ.Өзбекпайқызы, әні: Д.Исмаил);
• «Балапаным» (сөзі: К.Бахтияр, әні: Ш.Уалихан);
• «Белес» (халық әні);
• «Жан анам» ( халық әні);
• «Абайла»  (сөзі: С. Туғанбаев, әні: Ғ. Шекербеков);
• «Әдемі қыз» (халық әні);
• «Есіңе мені алғайсың» (сөзі: М.Мақатаев, әні: Е.Абдыхалыкова);
• «Халқым-ай» (сөзі: Қ.Алагөзов, әні: Ұ.Жамалбек).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом