Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Saz&soul» тобы

«Saz&soul» тобының негізі 2017 жылы қаланды. Бұл шығармашылық ұжымның құрамында кәсіби әнші Салтанат Мендығалиева, ұрмалы аспапта ойнаушы Болат Турабеков, баяншы Самғар Толқынханұлы, гитарашы Ерболат Адилов, бас-гитарист Азамат Темірбаев, пернелі аспапта ойнаушы Аслан Қуатов және композитор әрі осы топтың негізін салушы Толукпаев Әділжан бар.   
«Saz&soul» мүшелері – жоғары кәсіби музыкалық білімі бар талантты музыканттар. Шығармашылық топ әртүрлі музыкалық жанрдағы композицияларды орындайды. Нақтырақ айтар болсақ,  этно-фольклор, джаз, фанк, рок және поп. Ұжымның ерекшелігі – өнерлі музыканттардың әртүрлі аспаптарда ойнау шеберлігінде.
Олар қазақ халық әндері мен заманауи өлеңдердің ерекше каверлері мен жаңа авторлық нұсқаларын орындайды.
Бұл шығармашылық ұжымның репертуарында «Дудар-ай», «Керім-ау айдай», «Ақ дариға» сынды белгілі халық әндері, сондай-ақ ән өнерінің алтын қорына енген «Саржайлау», «Сырғалым», «Көзіңнен айналайын», «Қыздар-ай», «Махаббат деген ертегі», «Сыр сұлуы» сияқты атақты композициялардың ерекше кавер нұсқалары бар.
Шығармашылық топтың көркемдік жетекшісі – белгілі композитор Әділжан Толукпаев. Оның туындылары отандық пианистердің репертуарына еніп, республикалық және халықаралық байқауларда жиі орындалып жүр.
Әділжан Толукпаев фортепианолық пьесалар жинағының авторы, көптеген сериалдар мен спектакльдердің музыкасын жазған композитор ретінде танымал. 
Әрі қарай оқу

Фотоальбом