Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

Қазақтың атын әлемге танытқан дүлдүл әнші Димаш Құдайберген 1994 жылы       24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
Д.Құдайберген – Қазақстанның эстрада әншісі, сирек кездесетін және өте кең диапазонды дауысымен музыка әлемінде дүниежүзілік сенсацияға айналған. Оның репертуарында әлемдік эстрада музыкасында шедеврге айналған туындылар көп. Д.Құдайберген әртүрлі тілдерде және әртүрлі жанрларда ән айтады. Ол бірнеше музыкалық аспапты меңгерді. Ұлт мақтанышына айналған Димаш қазақ өнерін ән әуенімен жаңа белеске көтерді. 
2017 жылдан бастап Димаш Қытай, Беларуссия, Франция, АҚШ сынды елдердегі әлемдік концерттік алаңдарда өнер көрсетеді. 2017 жылы Қытайдың Чанша және 2018 жылы Фучжоу қаласында «D-Dynasty» бағдарламасының аясында екі жеке шығармашылық кеші өтті. 2017 жылы маусым айында Астана қаласында 30 000 көрерменді жинаған «Бастау» атты ауқымды жеке концертін өткізді. 
Кезінде Франция елін дүр сілкіндірген Әміре Қашаубаевтың өнердегі жетістігін араға ғасыр салып қайталаған Димаш 2017 жылы Францияда өткен 70-Канн кинофестивалінде тұңғыш рет «Қазақстан ұлттық павильонының» ашылу салтанатында өнер көрсетті. Әнші француз тілінде "SOS d'un terrien en detresse" әнін, төлқұжатына айналған "Дайдидауды", сонымен бірге Лара Фабианның репертуарынан "Adagio" әнін орындап, қонақтардың қошеметіне бөленді.
Талантты әртіс өзінің өнері арқылы барша әлемге еліміздің бай әрі қайталанбас мәдениетінің танымалдығын арттырып келеді. Сан түрлі құбылатын сырлы даусымен әлемді тамсандырып, еліміздің даңқын асқақтата түсті.

Білімі: 
• 2010-2014 жж. – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, «Ән салу» мамандығы;
• 2014-2017 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті, «Эстрадалық өнер» мамандығы.
Жетістіктері: 
• 2000 жылы – «Айналайын» республикалық балалар байқауының «Фортепиано» номинациясы бойынша 1 орын;
• 2010 жылы – «Звонкие голоса Байконура» вокал шығармашылығының XV жергілікті байқауында 1 сыйлық (Байқоңыр қ., Қазақстан);
• 2012 жылы – «Жас Қанат» XXI Республикалық жастар орындаушыларының байқауында бас жүлде (Астана қ., Қазақстан);
• 2012 жылы –  VIII Халықаралық телефизиялық «Восточный базар» эстрадалық орындаушылар байқауының 1 сыйлығы (Ялта қ., Украина);  
• 2013 жылы – «Мейкин Азия» І Халықаралық Ыстықкөл фестивалінің бас жүлде иегері (Ыстықкөл, Қырғызстан);
• 2014 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы;
• 2015 жылы – «Славянский базар – 2015» XXIV Халықаралық эстрадалық әндер орындаушылары байқауының бас жұлде иегері (Витебск қ., Белоруссия);
• 2015 жылы – «ABU TV Song» Халықаралық ән фестивалінің қатысушысы  (Стамбул қ., Түркия); 
• 2015 жылы – «Қазақстан халықтары бірлігінің нығаюына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы;
• 2016 жылы  – «Выбор года 2016» Халық сүйіктісі байқауының «Эстраданың ең үздік әншісі» номинациясы; 
• 2016 жылы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері; 
• 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты;
• 2017 жылы –  ERC Chinese Top Ten Awards 24-маусымының «Азияның ең үздік атақты әншісі» номинациясының сыйлығы (Most Popular Asian Singer) (Шанхай қ., Қытай);
• 2017 жылы – 17th Top Chinese Music Awards «Ең үздік шетелдік артист» номинациясы бойынша сыйлығы (Шэньчжэнь қ., Гуандун, Қытай);
• 2017 жылы – «Singer» байқауында екінші орын (Чанша қ., Хунань, Қытай);
• 2017 жылы – «The Battle of Memories» саундтрекі Қытай Бірінші CCTV телеканалында жыл әні деп танылды, Top Global Chinese Music марапаты табысталды;
• 2017 жылы – «ОК!» журналы бойынша «Жылдың ең атақты әншісі» (Қытай);
• 2017 жылы – «Ең атақты шетелдік әнші» номинациясы бойынша Asian Music Gala MTV сыйлығының жеңімпазы (Гуанчжоу қ., Қытай);
• 2017 жылы – «Ең үздік шетелдік әнші» номинациясы бойынша MTV Global Chinese Music Awards сыйлығының жеңімпазы ( Шэньчжэнь қ., Қытай);
• 2017 жылы – «Менің сүйікті орындаушым» номинациясы бойынша Chinese Golden Melody Awards сыйлығының жеңімпазы (Гонконг, Қытай);
• 2017 жылы – Fresh Asia Music Festival «Жылдың ең үздік шетелдік тұлғасы» номинациясының жеңімпазы (Пекин қ., Қытай);
• 2017 жылы – «Астана дауысы 2017» халықаралық музыкалық фестиваль жеңімпазы;
• 2017 жылы – Hollywood Music in Media Awards салтанатының марапаттауында Томас Париш композиторының «Ocean over the Time» әніне «Best Original Song of Video Game» номинациясының жеңімпазы (Лос Анджелес қ., Калифорния, США); 
• 2017 жылы – «Times Awaken Fashion Night Gala» марапаттау рәсімінде «Инновациялық уақыт көшбасшысы» сыйлығы (Пекин қ., Қытай);
• 2017 жылы – «Эстрада» номинациясы бойынша «Астана дарыны 2017» сыйлығы (Астана қ., Қазақстан);
• 2017 жылы – Қазақстан ардагерлері қауымдастығының Бауыржан Момышұлы атындағы медаль (Астана қ., Қазақстан);
• 2017 жылы – Жылдың ең үздік атақты әншісі ретінде «IQIYI Awards» сыйлығы (Қытай);
• 2017 жылы – «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы» сыйлығы (Алматы қ., Қазақстан);
• 2017 жылы – Beauty Touching At Chinese» салтанатының «Серпінді шеберлік үшін» сыйлығы (Қытай);
• 2017 жылы – Golden «Mango Melody Awards» салтанатының «Жылдың ең үздік шетелдік әншісі» марапаты (Қытай);
• 2017 жылы –  «Қазақ үні» газеті және Qazaquni.kz ұлттық порталының есебі бойынша «Жыл адамы – 2017», «Жыл әншісі – 2017» (Қазақстан);
• 2018 жылы – «Weibo Awards 2018» марапаттау салтанатында «Музыкадағы жаңа күш» сыйлығы (Қытай);
• 2018 жылы – «Global Golden chart Awards» марапаттау салтанатында «Үздік артист» сыйлығы (Қытай);
• 2018 жылы –  «Top Global Chinese Music Awards» марапаттау салтанатында «Жылдың ең үздік шетелдік әншісі» марапаты (Қытай).

Репертуары:
• «Еркелетейін» (әні: Н. Нәсіп, сөзі: Қ. Айтбаев);
• «Жұлдызым» (әні: Ұ. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);
• «Махаббат бер маған» (әні: А.Бажанова, сөзі: М. Баймолда);
• «Астана вальсі» (әні: Қ. Айтбаев, сөзі: Е. Ашықбаев);
• «Сәлем» (әні: Қ. Айтбаев, сөзі:Д. Құдайберген);
• «Дайдидау»  (халық әні);
• «Қараторғай»  (халық әні);
• «Сағындым сені» (әні мен сөзі Қ. Айтбаев);
• «All by myself» (әні мен сөзі:Э. Кармен);
• «Show Must go on» (әні: Queen, сөзі:Б. Мәй);
• «Опять метель» (әні: К. Меладзе, сөзі: Д. Поллиева);
• «Қарағым-ай» (әні: К. Дүйсекеев, сөзі: Ш. Сариев);
• «Ария Дивы Плавалагуна» (авторы Гоэтано Доницетти);
• «Қазақстаным» (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);
• «Ұмытылмас күн» (әні: Д. Құдайберген, сөзі: О. Байсеңгір);
• «Ақ тілек» (әні мен сөзі: Қ.Айтбаев);
• «Көркемім»  (әні: Д. Құдайберген, сөзі: Қ. Айтбаев);
• «Ой жайлау» (халық әні);
• «Сөз соңы» (әні: Д. Құдайберген, сөзі: О. Қынбаев);
• «Тәтті елес»  (әні: Д. Құдайберген, сөзі: С. Әбенов);
• «Лейла»  (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);
• «Кім екен?» (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);
• «Аққуым» (әні: А. Мәжікбаев, сөзі: О. Байсеңгір);
• «SOS d'un terrien en détresse» (авторы Д.Балавуан);
• «Джамайка» (авторы Р.Лоретти);
• «Uptown Funk»  (авторлары: J. Bhasker; M.Ronson; B. Mars; Ph. Lawrence);
• «Adagio» (авторы А. Альбинони);
• «Screaming» (авторы Muhgal);
• «The Memory Not Taken Away» (拿不走的记忆) (сөзі: Y.Ruolong, әні: S.Bingyang);
• «The Ocean Over Time» (时光沧海) (авторы: Th.Parisch).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом