Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Бағдат Сәмединова

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

1954 жылы 5 ақпанда Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келді. Жүрекке жағымды, кең тынысты, өзіндік қоңыр дауысы бар талант иесі 1976 жылы Қазақ мемлекеттік «Қазақконцерт» ұйымына жұмысқа кіріп, Р.Есімжанова, Ж.Омарова сияқты сахна майталмандарының әншілік дәстүрі мен көрермен талғамдарын көңіліне тоқи жүріп, өнердегі өз биігін тапты. 
Б.Сәмединова қазақ эстрада өнерінің жалынды жаршысы ретінде Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Түркия, Франция секілді т.б  шет мемлекттерде өнер көрсетті. Сұлу да әуезді тембрімен ерекшеленген сахна саңлағы қазақтың халық әндерімен қоса талай ақын мен сазгер шығармаларының тұсауын кесіп, ән сүйер қауымды баурап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Елімізге белгілі «Әлқисса» ұлттық аспаптар ансамблімен және «Отырар сазы» оркестрінің құрамымен де еңбек еткен әнші 1995 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» атағын алды. 

Білімі: 
• 1973-1975 жж. – Республикалық эстрада өнері студиясы, «Артист» мамандығы;
• 1986-1992 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, «Филология» мамандығы;
• 2012 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі. 

Жетістіктері: 
• 1985 жылы – Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты;
• 1995 жылы – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі;
• 1996 жылы – қырғыздың халық әндерін кәсіби деңгейде орындап жүргені үшін Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты;
• 1998 жылы – «Астана» медалі;
• 2000 жылы – «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінің лауреаты;
• 2003 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалі;
• 2011 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
• 2011 жылы –  «Құрмет» орденінің иегері;
• 2016 жылы – «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі;
• Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жыл және 20 жылдығына арналған медальдарымен марапатталған.

Репертуар:
• «Отырардағы той»   (әні: Ш.Сариев, сөзі: С.Асанов);
• «Елің барда»   (әні: А.Бажанова, сөзі: А.Бейсенхан);
• «Сарыарқа»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: А.Қоразбаев);
• «Өмір солай»  (әні: Н.Торекулов, сөзі: Б.Беделхан);
• «Сәлем,Астана» (әні: С.Аймаханова, сөзі: Б.Әлімқұлов);
• «Наурыз»  (әні: Нұрым, сөзі: Б.Әлімқұлов);
• «Туған жерім» (әні: А.Малдыбаева, сөзі: И.Сапарбай);
• «Қазақстан» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: Ж.Молдагалиев);
• «Ұстаз үшін» (әні: В.Питерцев, сөзі: Ш.Сариев);
• «Мен даланың қызымын» (әні: О.Жәутіков, сөзі: К.Ахметова);
• «Өмір-бағым» (әні: А.Бексұлтан, сөзі: А.Бейсенхан);
• «Сен қаласаң» (әні: М.Жәутіков, сөзі: К.Әлпейсова) ;
• Дүние-ай, Қалқам-ай, Пай-пай т.б. халық әндері;
• «Астана» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: Қ.Тоянов).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом