Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Айна Серікқызы Қалмағанбетова

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, шығармашылық қызмет басшысының орынбасары.

Талантты әнші Айна Қалмағанбетова 1993 жылы 16 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. Эстрада әншісі көптеген республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. 
Айна Қалмағанбетова – өзінің вокалдық білік-дағдыларын үнемі жетілдіретін, болашағынан зор үміт күттіретін талантты әнші. Ол әр алуан жанрлар мен бағыттарда жұмыс істей алатынын сан түрлі фестивальдар мен байқауларда дәлелдеді. Айна Серікқызы барлық туындыларды әуезділікпен, жоғары кәсібилікпен және ерекше дарындылықпен орындайды.  

Білімі: 
• 2009-2012 жж. – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі, «Актер шеберлігі» мамандығы;
• 2012-2016 жж. – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Эстрадалық вокал» мамандығы (Алматы қ.). 

Жетістіктері:
• 2001 жылы – «Бозторғай» атты халықаралық жас бүлдіршіндер өнер байқауынан III орын;
• 2002 жылы – «Балауса» республикалық байқауынан I орын;
• 2003 жылы – «Тараз жұлдыздары» байқауынан бас жүлде;
• 2009 жылы – Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне музыка шығарғаны үшін құрмет грамотасы; 
• 2012 жылы – «Жас қанат» республикалық байқауының лауреаты.

Репертуары:
                                                                                                                 
Қазақ әндері:
• «Ақ сұңқар» (Батыс термесі);
• «Сағындым сені» (Е.Хасанғалиев);
• «Жағадағы ару қыз» (Е.Хасанғалиев);
• «Қара көз» (Ж.Оспанов);
• «Сүйдім сәулем» (С.Байтереков);
• «Қаздар қайтқанда» (Т.Базарбаев);
• Қазақ халық әндеріне попурри;
• Ш. Қалдаяқов әндеріне попурри.

Орыс әндері:
• «Эхо любви» (әні: Е.Птичкин, сөзі: Р.Рождественский);
• «Надежда» (әні: А.Пахмутова,  сөзі: Н.Добронравов);
• «Любовь настала» (әні: Р.Паулс,  сөзі: Р.Рождественский);
• «Вечная любовь» (әні: Ж.Гарваренц, сөзі: Ш.Азнавур Орыс мәтін: Н.Кончаловская);
• «Синий иней» (әні: Х.Хантер, сөзі: Дж.Келлер);  
• «Все равно ты будешь мой» (әні мен сөзі: А.Ведищева);
• «Помни это» (әні: Б.Серкебаев, Б.Садвакасов, сөзі: Г. Витке);
• «Хуторянка» (әні: В.Матецкий, сөзі: М.Шабров). 

Авторлық әндер: 
• «Жүрек» (әні мен сөзі: Б.Бимахан);
• «Қайдасың сен, қайда» (әні: А.Қалмағанбетова, сөзі: Б.Қамбатыров); 
• «Ақ кеме» (әні: А.Қалмағанбетова, сөзі: Б.Қамбатыров);              
• «Сұлулықты әлемдегі мен сүйген» (әні: С.Қалмағанбетов, сөзі: Ш.Сариев); 
• «Аққу» (әні: А.Қалмағанбетова, сөзі: М. Мақатаев);
• «Сенің бейнең» (әні: С.Белмерген, сөзі: С. Шөмішбай); 
• «Ақкөл» (әні мен сөзі: С.Белмерген); 
• «Беу Астана» (әні: С.Жеңіс, сөзі: И.Ибрагим);
• «Алматы-Тараз» (әні мен сөзі: Д.Исмаил);  
• «Астанамның салқын кешінде» (әні: А.Қалмағанбетова)
Әрі қарай оқу

Фотоальбом