Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Алтынбек Қоразбаев

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалының директоры 
Алтынбек Қоразбаев 1948 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Мерке ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны бітірді. Одан кейін Жамбыл облыстық филармониясын басқарып, «Алатау» вокалды-би ансамблін құрды.
Ел мақтанышына айналған өнер иесі қазіргі таңға дейін «Қазақконцертте» жемісті де жеңісті еңбек етіп келеді. А.Қоразбаевтың басшылығымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы отандық мәдениеттің дамуына зор үлес қосуда. Филиалдың әртістері республика өңірлерінде концерттік қызметпен белсене айналысып, халықаралық дәрежедегі байқаулар мен фестивальдарда заманауи өнерді дәріптеп, насихаттау жұмыстарын жүргізуде.
  
Білімі:   
• 1967-1973 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институты, «Домбыра, халық аспаптар оркестр дирижері» мамандығы.

Жетістіктері: 
• 1990 жылы – Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
• 1993 жылы – Қазақстан Республикасының Халық артисі;
• 1994 жылы – Қырғыз Республикасының Халық артисі;
• 2016 жылы – ІІІ дәрежелі Барыс Ордені.

Репертуары:
• «Ай-хай, жиырма бес!» ( әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т. Әлiмбеков);
• «Анадан асыл бар ма екен?!» (әні: А.Қоразбаев,  сөзi: И.Сапарбай);
• «Аппағым-ай!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: И.Сапарбай);
• «Бозторғай» (әні: А.Қоразбаев, сөзі:  Ә.Асылбеков);
• «Дүние-ай!» (әні мен сөзi: Ұ.Есдәулетов);
• «Жаным-ау, түсiме сен, көп кiресiң!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Асылбек);
• «Қазақ-қырғыз арасы» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Рысқұлов);
• «Қайт, қазақ!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Н. Бадәғұлов);
• «Қара пима» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ұ.Есдәулетов);
• «Қара қыз» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Қара шал» (Қарттар үйiнен хат), (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: М.Мақатаев);
• «Қоштасудың қиыны-ай!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: И.Сапарбаев);
• «Қызым, саған айтамын» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: К.Дәулетбаев);
• «Сәлемдеме» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: М.Мақатаев);
• «Сен болмасаң» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: И.Сапарбаев);
• «Сен менi сағындың ба?» (әні: А.Қоразбаев, сөзi. Ш.Сариев);
• «Тәттi қыз» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Оспанов);
• «Туған жерiм – тамаша»  (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Тұрғынбеков);
• «Үш қоңыр» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Н.Назарбаев);
• «Бақанас жердiң байтағы» (әні: А.Қоразбаев, сөзi:  Ж.Ержанов);
• «Сары-ала қаз оралды»  (әні: А.Қоразбаев, сөзi: М.Мақатаев);
• «Өмiр де, өмiр, өмiр-ай!»  (әні: А.Қоразбаев, сөзi: З.Нұрқадiлов);
• «Ән – қалқа» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: И.Ғайып);
• «Әке мен бала» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: К.Әмiрбек);
• «Айдай сұлу аруым»  (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Желдiрме» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: И.Сапарбаев);
• «Елге сәлем» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Айналайын,бөпем-ай»  (сөзi мен әнi: А.Қоразбаев);
• «Аманбысың, Елуiм» (сөзi мен әнi: А.Қоразбаев);
• «Асылымсың» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Тұрғынбек);
• «Аяулы Таразым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Бекбосын);
• «Жас дәурен» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Н.Айтов);
• «Қара жолмен сықырлап арба келедi» (Сөзi мен әнi: А.Қоразбаев);
• «Сағындым сенi» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Р.Балабиев);
• «Ақ бөпе» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Серiков);
• «Ақ Маралым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Серiков);
• «Бiз де жұлдыз боламыз» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Әлiмбек);
• «Бiр арман» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Иманасов);
• «Көбелек» (сөзi мен әнi: А.Қоразбаев);
• «Қуаныш» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: М.Мақатаев);
• «Айшаның әнi» (“Айша-бибi” спектаклiнен) (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Б.Әбiлдаев);
• «Ақ дегелек» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Асылбеков);
• «Ақ қайың» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Ақ моншақты аруым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Асылбеков);
• «Арман» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: М.Мақатаев);
• «Әгугай домбыра» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Қажыбаев);
• «Қара кемпiр» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Сәтiбеков);
• «Көзiңнен айналайын» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Асылбеков);
• «Мамаңның сен, мамандығын сұрама» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: К.Ахметова);
• «Мерейлi Мерке» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Сәтiбеков);
• «Папамның әлдиi» (әнi мен сөзi: А.Қоразбаев);
• «Сағындым Алматымды» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Оспанов);
• «Сырғалым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Сәттiбеков);
• «Туған жер толғауы» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Асылбеков);
• «Әжемнiң әлдиi» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Қоразбаев);
• «Дiр еттi ме жүрегiм» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Жүрекбаева);
• «Қазақстан» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Молдағалиев);
• «Мәңгiлiк махаббатым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Ауылым әнiм» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Әлiмбек);
• «Бал-балалық күндер-ай!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: С.Тұрғынбеков);
• «Жайлауда» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: С.Тұрғынбеков); 
• «Қазақтың баласымын» (әні: А.Қоразбаев, сөзi Т.Молдағалиев);
• «Қаз-қаз, балам, қаз, балам» (Әні мен сөзi: А.Қоразбаев);
• «Қараша қаз, қайдасың?!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: И.Сапарбаев);
• «Кеш жарық!» (әні: А.Қоразбаев, сөзi. А.Асылбеков);
• «Сағындым Кенен атамды» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Сәттiбеков);
• «Сағыныш саздары» (әні: А.Қоразбаев, сөзi. А.Асылбеков);
• «Сара туралы» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Асылбеков);
• «Тайбурыл» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Н.Оразалин);
• «Туған жерiм» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Серiков);
• «Шашбаулым» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ә.Жүнiсәлиев);
• «Ата» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Т.Әлiмбаев);
• «Апа» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: Ж.Сәттiбеков);
• «Аспара» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Қоразбаев);
• «Түркiстан» (әні: А.Қоразбаев, сөзi: А.Қоразбаев).

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы 2016 жылы ашылды. Қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымның филиалы отандық өнердің дамуына, ұлт руханиятының жаңғыруына өзінің сүбелі үлесін қосып жүр. Филиалдың директоры – әйгілі әнші, композитор, Қазақстан Республикасының Халық артисі Алтынбек Қоразбаев. 

«Қазақконцерт» филиалының құрамында қазақстандық сахна өнерінің майталмандары әрі халқымыздың асыл мұрасы, өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән-күй өнерін танытып, халықтың зор ықыласына бөленген даңқты өнерпаздар еңбек етеді. Олардың қатарында: Сара Тыныштыгулова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Самидинова, Бибігүл Қилымхан, Сүлеймен Ибрагимов, Сая Махамбет, Абдуллин Нұрболат, Алишер Каримов, «Меломен» тобы және тағы басқалары.

Филиалдың солистері мен шығармашылық ұжымдары республика өңірлерінде гастрольдік қызметпен белсене айналысып, үздік өнер туындылары мен концерттердің барша халыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, заманауи қазақстандық өнердің танымалдылығын арттырып жүр.
Талантты артистер өз шығармашылығы, концерттері мен көп жылғы толымды еңбегі арқылы ұлттық сахнаны мазмұндық жағынан жаңа жетістіктерге жетелеп, қазақ өнерінің қарыштап дамуына атсалысып жүр.  

Әрі қарай оқу

Фотоальбом