Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Алишер Каримов

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

1985 жылы 28 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. 1995 жылы Түркияда, 1997 жылы Болгарияда, 1998 жылы Австрияда өткен халықаралық фестивальдарға қатысқан. 2005 жылы «Super star. кz» мега жобасына қатысып, жүлдегер атанды. 2007 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өткен бүкіләлемдік орындаушылық өнердің байқауында 2 алтын және 1 күміс медальді иеленді.
Алишер Каримовтың әрбір әні мен альбомы оның ерекше вокалдық қабілеттерін айқындап, айрықша талант иесі екендігін дәлелдеді. Ол барлық туындыларды әуезділікпен, жоғары кәсібилікпен және ерекше дарындылықпен орындайды. Жастар қауымымен қатар орта жастағы тыңдармандарды тамаша дауысымен баурап үлгерген талант иесі биіктерді бағындыру мақсатында шығармашылығын күннен-күнге шыңдау жолында. 

Білімі: 
• 2003-2007 жж. –  Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Эстрада өнері» мамандығы (Еңбек сіңірген  артист Л.Толешованың класы);
• 2016 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасы, «Музыкаға кіріспе» факультеті.
Жетістіктері:
• 2011 жылы – Витебск қаласында өткен Халықаралық «Славянский базар» байқауында III орын және «Ресейлік БАҚ өкілдерінің арнайы сыйлығы»;
• 2012 жылы – Арменияда өткен І Халықаралық «Ереван шақырады» байқауында III орын лауреаты; 
• 2014 жылы – «Новая волна-2014» Халықаралық байқауында үздік ондықта; 
• 2016 жылы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының иегері;
• 2016 жылы –  «Евразия» нұсқасы бойынша ән сыйлығының «Үздік жыл орындаушысы»;
• 2017 жылы – «Бес жылдықтың үздік әншісі» және «Үздік концерттік шоу» («Жүрегім» концерті) аталымдары бойынша ЕМА Еуразия музыкалық сыйлығының иегері.

Репертуары: 
• «Бес күндік дүние» (әні: Б.Бимахан, сөзі: Қ.Бахтиярқызы);
• «Жүрегім» (әні: Г. Мамазоитова, сөзі: Қ.Бахтиярқызы);
• «Сүйе білген бір бақыт» (әні: П. Ли, сөзі: Қ.Бахтиярқызы)
• «Қоштасу ғана» (әні: Г.Исмбергенов, сөзі: М.Саби);
• «Асығады өмір қайда» (әні: К.Махан, сөзі: К.Бахтиярқызы);
• «Тағы да» (әні: А.Каримов, сөзі: Я.Заханқызы);
• «Келемін саған» (әні: К. Папондопулос, сөзі: Я.Заханқызы);
• «Шүкір» (әні: А.Каримов, сөзі: Қ. Бахтиярқызы);
• «В океане глаз твоих» (әні мен сөзі: П. Ли);
• «Таба алмайсың» (әні: А. Каримов, сөзі: К. Бахтиярқызы);
• «Мажнунтол» (Өзбек халық әні); 
• «Аққуым» (әні: А. Коразбаев, сөзі: С.Тургынбек);
• «Қараторғай» (қазақтың халық әні);
• «Үмітіңді үзбе» (әні: А. Каримов, сөзі: Қ. Бахтиярқызы);
• «Бірлігіміз жарасқан көз тимесін еліме» (әні: П. Ли, сөзі: Қ. Бахтиярқызы).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом