Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Айтжан (Айжан) Кабдуалиевна Нурмагамбетова

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

Нурмагамбетова Айтжан (Айжан) 1956 жылы, 4 шілдеде Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында дүниеге келген. Атақты эстрадалық әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1995 ж.), ХII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты (1985 ж., Мәскеу қ.), «Алтын Жүрек» Ұлттық сыйлығының лауреаты (2011 ж.). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,  «Қазақстан-Болгар достығы» медальдарымен марапатталды.
Қазақ эстрадасында 40 жыл еңбек етуде. Осы аралықта Қазақстан жерлеріне, ТМД-ның барлық республикаларында және көптеген шет елдерде концерт қойды.  Репертуарында 200-ден астам қазақ, орыс және өзге тілдердегі әндер бар. «Биле, Жастық», «Мен деп ойла», «Кездесейік», «Ақ қанат», «Алғашқы махаббат», «Шилі өзен», «Бақыт деген» сияқты әндердің алғашқы орындаушысы болып табылады. 
«Гүлдер» Мемлекеттік жастар-эстрадалық ансамблінің солисі болып қызмет атқарды. 1995 жылы «ҚР еңбек сіңірген артисі» атағы берілді. 1997 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Қазақконцерт» МКҰ еңбек етуде.
Әншінің диапазоны өте кең әрі ерекше. Дарынды әнші заманауи эстрада өнерін, халық әндерін, тіпті джаз, рок стилінде де әндерді орындайды. Репертуарындағы ерекше орынды Шығыс халық әндері алады. Өзінің имиджімен, дауысымен, стилімен ерекшеленетін Айжан Нурмагамбетованың қазақ эстрадасында өзіндік орны бар.

Білімі:
• 1978-1983 жж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ, «журналистика» мамандығы;
• 1983-1985 жж. – Республикалық эстрада-цирк өнері студиясы, «вокал» класы;
• 2010-2012 жж. – Т.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Эстрадалық өнер» мамандығы, магистр дәрежесі.

Репертуар:
• Бақыт деген (әні: Б.Жумалин, сөзі.: М. Мақатаев);
• Мен деп ойла (әні: Т. Мухамеджанов, сөзі: М. Мақатаев);
• Шилі өзен (әні: М.Садибеков, сөзі: С. Оспанов);
• Туған ел (әні: Р.Қара, сөзі: Т. Шапай);
• Сарыарқа (әні: А.Қоразбаев, сөзі: Н.Назарбаев);
• Мой Казахстан (әні: Ю.Лебедева, сөзі: Е. Нурмагамбетов);
• Қайдасың (әні: Б.Оралбеков, сөзі: А. Оңдасынов);
• Айналайын сахна (әні: В. Питерцев, сөзі: Ш. Сариев);
• Жан әке (әні: В. Питерцев, сөзі: Ш. Сариев);
• Аяулы ана (әні: Б. Жумалин, сөзі: Б. Оралов);
• Махаббат әуені (әні: Б.Оралбеков, сөзі: И. Иса);
• Назови меня самой любимой (әні мен сөзі: А. Шевченко);
• Наслаждение (әні мен сөзі: С. Сморгов);
• Сахна – менің өмірім (әні: Б.Оралбеков,  cөзі: А. Асылбек).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом