Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Әділжан Майкенұлы Толукпаев

«Saz&soul» тобының көркемдік жетекшісі

Әділжан Толукпаев 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. Ол А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебін «Скрипка» сыныбы бойынша бітірген. Сонымен бірге Қазақ ұлттық өнер университетінде «Композиция» мамандығы бойынша білім алған. 
13 жасынан бастап музыка жазады. 16 жасында жазған «Япурай» фортепианалық пьесасы отандық пианистердің репертуарына еніп, республикалық және халықаралық байқауларда жиі орындалды. 18 жасында өзінің алғашқы фортепианоға арналған пьесалар жинағын шығарған, ал оның скрипкаға арналған пьесалары қазақстандық скрипка мектебінің хрестоматиясына енген.
Талантты музыкант белгілі композитор Игорь Крутойдың әндер жинағын құрастыруға, атап айтқанда бірнеше әннің фортепиано мен дауысқа, ішекті квартет пен скрипкаға арналған нұсқаларының жазылуына өз үлесін қосты. 2012 жылы композитор Шырын Базаркуловамен бірге Елбасы Н.Назарбаев туралы түсірілген «Елбасы жолы» фильмінің музыкасын жазды. Танымал әнші Батырхан Шукеновтың әндерінен дауыс пен фортепианоға арналған композициялардың нұсқаларын жазуға атсалысты.

Білімі:
• 1992-2005 жж. – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп интернат, «Скрипка» сыныбы;
• 2015-2016  жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті,  «Композиция» мамандығы.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом