X

Ерлан Рысқали

Суреттер

    Ерлан Рысқали – белгілі дәстүрлі әнші, Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты.  Ерлан Рысқали "Қазақконцерт" ұйымындағы "Халық қазынасы"  мемлекеттік фольклорлық өнер бөліміне жетекшілік етеді. 


    Білімі:

2001-2005 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында білім алған. 

2005-2007 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстанның халық артисі Қайрат Байбосыновтың сыныбында тағылымдамадан өтті. 


    Шығармашылық жетістіктері:

•    2003-2004 өткен Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық байқау; Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық байқау; Әсет Найманбаев атындағы аймақтық және республикалық «Асыл мұра» байқаулардың жүлдегері; 

•    2005-2006  – Мәди Бәпиұлы атындағы байқаулардың жүлдегері. 

•    2009 – Н.Тілендиев атындағы ІІ халықаралық әншілер және күйшілер байқауының І дәрежелі, Әміре Қашаубаев атындағы VІІ республикалық дәстүрлі  әншілер байқауының І дәрежелі лауреаты. 

•    2011 -  Ресейдің Астрахань қаласында өткен «Голоса золотой степи» атты халықаралық этнографиялық байқауында «Жеке орындаушылық өнер» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. 

•    «Маңмаңгер», «Бозқараған», «Арқа әндері» ән жинақтарын  шығарды. 

•    Германияның Кельн қаласында неміс режиссері И. Мюллердің  неміс тілінде қойылған «Ақан сері, Ілияс және Құлагер» спектаклінде Ақан әндері Ерлан Рысқалидың орындауында пайдаланылды. 

•    «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2010 жылы шыққан «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясының алқа мүшесі. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: