X

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының Көркемдік кеңесі

Көркемдік кеңес «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК (бұдан әрі – Кәсіпорын) шығармашылық қызметінің тұжырымдамасын анықтайды және оны іске асырудың негізгі бағыттарын әзірлейді.


Көркемдік кеңестің негізгі міндеттері:


- Кәсіпорынның мәдени саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

- жоғары бейнелі, көркемдік-музыкалық концерттік бағдарламалар мен нөмірлер жасау;

- ұйымдастырушы Кәсіпорын болатын мәдени іс-шаралардың деңгейі мен сапасын арттыру;

- Кәсіпорынның әртістері мен шығармашылық ұжымдарының шығармашылық және орындаушылық қызметінде жоғары көркемдік деңгейге қол жеткізу, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру;

- концерттік бағдарламаларды, іс-шараларды, әртістер мен шығармашылық ұжымдардың репертуарларын отандық және шетелдік өнердің үздік үлгілерімен, қатысушылардың мүмкіндіктері мен мүдделеріне, халықтың сұраныстарына, көркемдік өлшемдеріне жауап беретін нөмірлермен және қойылымдармен жүйелі байыту және толықтыру.

- Көркемдік кеңестің құрамына жоғары кәсіби білігі бар, мәдени қызметтің қыр-сыры мен ерекшеліктерін, әртістер мен өнердің түрлі жанрындағы шығармашылық ұжымдардың жұмысын білетін мамандар кіреді.


«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК  Көркемдік кеңесінің құрамы:

 

1. Жеңіс Сейдуллаұлы                                                                                                                                                 

Директор, Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген қайраткері, Көркемдік кеңестің төрағасы


2. Тимур Урманчеев            

Көркемдік жетекші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көркемдік кеңес төрағасының орынбасары


3. Серік Еркімбеков 

Кеңесші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор


4. Лаура Ахметова

Директордың шығармашылық қызметі бойынша орынбасарының міндетін атқарушы


5. Жанат Сексенбаев

Директордың ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша орынбасары


6. Құрманбай Маханов

«Эстрада» бөлімінің көркемдік жетекшісі


7. Азамат Желтыргузов

«Классикалық өнер» бөлімінің басшысы


8. Бауыржан Ақтаев

«Астана Сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі


9. Есләм Нұртазин  

«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі


10. Әділжан Толықпаев

«Saz and Soul» вокалды-аспаптық ансамблінің көркемдік жетекшісі


11. Ерлан Рысқали

«Халық қазынасы» мемлекеттік фольклорлық өнер бөлімінің көркемдік жетекшісі


12. Әсел Керімбекова

Шығармашылық қызметтің басшысы


13. І.Жеңісхан 

Концерттер мен арнайы жобаларды ұйымдастыру бөлімінің менеджері, Көркемдік кеңестің хатшысы