Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Әлемдік музыкалық бестселлер

21 ақпан күні сағат 19:30-да «Qazaqstan» орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің «Әлемдік музыкалық бестселлер» концерті өтеді.

Концертте өнерді бағалайтын жандар үшін белгілі композитор П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» увертюра-фантазиясы мен оркестр мен скрипкаға арналған №1 концерті орындалады. Чайковскийдің бұл әйгілі туындысы – композитордың шығармашылық бастамаларының бірі әрі бірегейі. Концерт бағдарламасын К.Сен-Санстың оркестр мен екі фортепианоға арналған «Жануарлар карнавалы» атты сюитасы жалғастырады. Сонымен қатар бұл кеште атақты неміс композиторы М.Брухтың оркестр мен скрипкаға арналған №1 концертін тыңдай аласыздар.

Әлемдік музыкалық бестселлерді көрермендерге «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің солисі, талантты скрипкашы Шынар Барлыкова, сондай-ақ Италия елінің солистері, фортепиано дуэті Марко Скьяво мен Серджио Марчеджиани, жас скрипкашы Рикардо Замунер ұсынады. Дирижерлік тұғырда маэстро Михаил Кирхгофф өнер көрсетеді.

 



Билет сатып алу