Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Наурыз шуағы

21 наурыз күні «Qazaqstan» орталық концерт залында  «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің "Наурыз шуағы" концерті өтеді.

Бұл кеште талантты скрипкашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Владимир Дё өнер кɵрсетедi. Концертте Т.Қажғалиевтің «Степная Легенда», П.Сарасат «Цыганские напевы», Г.Венявский «Блестящий полонез», сонымен қатар К.Сен Санстың «Рондо каприччиозо» сюита фрагменттері орындалады.  

Концерттің арнайы қонағы – атақты италияндық опералық әнші Альдо Капуто. Ол Ла Скала, Рома Операсы, Сан-Карло, Пиккинни, Санкт-Петербург Филармониясы, Карнеги-Холл, Валенсия Льеж Корольдік операсы сынды ең үздiк сахналарда ɵнер кɵрсеткен. Италияндық əншi Халықаралық байқаулардың лауреаты Әйгерім Алтынбекпен бірге Джакомо Пуччини, Винченцо Беллини, Гаэтано Доницетто және Джузеппе Верди сияқты әйгілі композиторлардың шығармаларын орындайды.
Концерт Львов мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен өтеді.