Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

59-концерттік маусымның алғашқы концерті

«Қазақконцерт» МКҰ жаңа 59-концерттік маусымның ашылу салтанатына шақырады. Осы жылдың алғашқы маусымашар концерті 18 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Маусымашар концертінде көрермен қауымға қазақ музыка өнерінің барлық жанрлары мен бағыттары қамтылған жаңа концерттік бағдарлама ұсынылады.

Жанды дауыста өтетін концертте халық сүйіп тыңдайтын танымал әндер мен жаңа туындылар орындалмақ. Бұл күні сахнада Роза Рымбаева, Мөлдір Әуелбекова, Азамат Жылтыркөзов, Ардақ Елеусіз, Бибігүл Жанұзақ сынды белгілі өнер жұлдыздарымен қатар, көрерменнің ықыласына бөленген «Форте трио», «Солистер академиясы», «Астана сазы» өнер ұжымдары, «Астана мюзикл» мемлекеттік театры, «Назар», «Saz&soul» және т.б. эстрадалық топтар өнер көрсетеді.