X

«Қазақконцерт» МКҰ

   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – отандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұйым. 


2016 жылы «Қазақконцертке» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мемлекеттік ұйымы мәртебесі берілді. «Қазақконцерттің» басты мақсаты – озық музыкалық шығармаларды насихаттау, жоғары сапалы көркем музыкалық концерттік бағдарламаларды жасау, үздік өнер туындыларының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, отандық музыка өнерін одан әрі дамытуға ықпал ету. 


«Қазақконцерт» ұжымы ТМД мемлекеттерінің шеңберінде баламасы жоқ әрі Қазақстан Республикасының маңызды архитектуралық құрылымдарының бірі – «Қазақстан» орталық концерт залында еңбек етуде. «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі симфониялық және камералық оркестрлердің, танымал эстрада жұлдыздарының концерттері, театрлық қойылымдар жиі өткізіледі.


«Қазақконцерт» ұйымында еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары бас қосқан. «Қазақконцертте» барлық музыкалық өнердің жанрлары ұсынылған: фольклор, классика, эстрада, мюзикл театры. Шығармашылық құрамға «Астана сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі«Форте трио» мемлекеттік триосы«Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі«Astana Musical» мемлекеттік театры, эстрадалық әншілер мен топтар кіреді.